Skip to content

Жеңге кеңесі

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 27 қаңтар күні 7- сыныптың қыз балалары арасында “Жеңге кеңесі” тақырыбында қыздар отырысы өтті.

Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір- біріне деген сүйіспеншілікті,нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту.

Шара 7- сынып ұл балаларының орындауында “Жеңешемнің мінезі” әнімен ашылды. Қатысушы жеңгелер мен қайынсіңлілерді таныстыру мақсатында мектебіміздің психологы Қорлан Нұрымқызы ” Танысу тренинг “өткізді.

Келесі кезекте қатушылар дайындап келген ” контент” көрсетіліп, мақсатына тоқталып, таныстырылды. “Сырласайық” кезеңі бойынша жеңге мен қыздар арасында сұрақтар қойылып, сұрақ – жауап алынды.Шараның соңында мектебіміздің тәрбие жұмысының орынбасары Райгүл Сағынбетқызы шараға қатысушыларға алғысын айтып қорытындылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *