Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 3 наурыз күні «Жаратылыстану ғылымы мен тарих-өткеннің сырын ашып, болашаққа жол сілтейтін қос алып мұнара» атты тарих-география, химия-биология пәндерінің онкүндігі аясында “Алаш қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары» тақырыбында 11 “Б” сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.
Пән мұғалімі Ф.Оразбаева үй тапсырмасын «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы сұрап, оқушылар жан- жақты жауап берді. Алаш қайраткерлерінің суреттері көрсетіліп, оқушылар сол суреттер негізінде толық сипаттама беріп отырды. Сабақ барысында топтық жұмыс ұйымдастырылып, топ басшылары ротация әдісі арқылы басқа топтарға жұмыстарын түсіндірді. “Екі жұлдыз бір тілек” әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалады. Жұптық жұмыста оқушылар тарихи фактілердің шындық не жалған екендігін анықтады. Жұптар бірін-бірі бағалады. Кері байланыс кезінде оқушылар бағалау критерийлері негізінде бірін бірі бағалап, шынайы пікірлерін білдірді.




