Skip to content

Жаратылыстану ғылымы мен тарих- өткеннің сырын ашып, болашаққа жол сілтейтін қос алып мұнара

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 03.03-14.03 аралығында “Жаратылыстану ғылымы мен тарих- өткеннің сырын ашып, болашаққа жол сілтейтін қос алып мұнара” тақырыбында тарих- география, химия- биология пәндері бірлестігінің апталығы басталды.

Мақсаты: оқушылар әлемнің өткен дәуірлеріне саяхат жасап, жаңа мүмкіндіктер ашып, оқушылардың ғылыми қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Апталықтың ашылуы мұғалімдер мен оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алудан басталды.

Ашылу рәсімінде түрлі пәндердің бірігуі мен бір- біріне әсер етуі ерекше назарға алынды.

Апталық барысында өтетін көрмелер, ашық сабақтар, түрлі пәндерден өтетін шаралар оқушылардың жаңа білімдер алуына мол мүмкіндік береді.

Апталық аясында 3 наурыз күні “Тарихи тұлғалар тағылымы” атты көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға тарихи тұлғалардың ерліктері мен игі істерін таныстырып, олардың ұлт үшін жасаған маңызды қызметтерін дәріптеу. Көрмеде әлемнің тарихында елеулі орын алған тұлғалардың өмірі мен қызметі жасанды интеллект әдісімен QR арқылы ұлы адамдардың сипаттамаларына арналған деректер ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *