Skip to content

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 9-11 сыныптың оқушыларымен Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыты бойынша жиын өтті. Жиынға Аудан прокуратурасының прокуроры, 2-ші сыныпты заңгер Әділжанов Аманжан Әділжанұлы мен Аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Уразбаев Равиль Тлеккабылович қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүзеге асырды.

Жиынның мақсаты жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңды сақтаудың маңыздылығын және құқық бұзушылықтың салдарын болдырмау болып табылды. Жиын барысында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта жүруіне қарасты шектеулі уақыт  және тексеру барысында ұсталған жасөспірімге қолданатын жаза түрімен қатар, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас мөлшерін айтып өтті. Мектеп оқушыларының арасында буллинг (жәбірлеу) бойынша ақпарат беріліп, бұзақылыққа, ұрлыққа, вандализмге  қолданылатын әкімшілік жауаптылық пен қылмыстық жауаптылқтарға толық ақпарат беріліп, көрсетілген айыппұл мөлшерлеріне де тоқталды. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың мектеп ережесін бұзбауға шақырып, белгіленген мектеп формасын сақтауға міндетті болып табылатындарын ескертті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *