27–қаңтар күні Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес 1 – 11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» құндылығы тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға заңды құрметтеу , қоғамдық тәртіпті сақтау және әділдік ұғымдары туралы түсінік беру. Оқушылардың тәртіптік дағдыларын қалыптастыру. Қоғамдағы құқықтық нормалар мен заңдарды құрметтеу қажеттілігін ұғындыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар тақырып аясында бейнеролик тамашалап, мақал-мәтелдер айтып, қызықты тапсырмалар орындады.















