Есенбай Ағелеуов орта мектебінің бастауыш қазақ сыныптар бірлестігінің жетекшісі Н.Құбаеваның ұйымдастыруымен 3-сыныптар арасында “Үздік оқырман сынып” командалық байқауы өтті. Мақсаты: “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылардың оқуға деген
қызығушылығын қалыптастыру , кітаптың адам өміріндегі рөлін, ғылым мен білімнің пайдасын, тәрбиелік маңыздылығын ұғындыру. Байқау үш бөлімнен тұрды
І бөлім “Кітап – білім бұлағы” Оқыған шығарманы кезектесіп мазмұнын әңгімелеу
ІІ бөлім “Кейіпкердің образына ену ” (көрініс)
Есенбай Ағелеуов орта мектебінің бастауыш қазақ сыныптар бірлестігінің жетекшісі Н.Құбаеваның ұйымдастыруымен 3-сыныптар арасында “Үздік оқырман сынып” командалық байқауы өтті. Мақсаты: “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылардың оқуға деген
қызығушылығын қалыптастыру , кітаптың адам өміріндегі рөлін, ғылым мен білімнің пайдасын, тәрбиелік маңыздылығын ұғындыру. 3-сыныптар арасынан 6 топ үш бөлімнен тұратын байқауда өздері оқыған шығармаларынан сайысқа түсті.
І бөлім “Кітап – білім бұлағы” Оқыған шығарманы кезектесіп мазмұнын әңгімелеу
ІІ бөлім “Кейіпкердің образына ену ” (көрініс)
ІІІ тур “Оқыған шығарманың ұнаған бөлігін суреттеу ” (сурет желісін қорғау) Мектеп кітапханашысы Айнұр Әбілхайырқызының көрмесіне қойылған соңғы шығармалармен таныстырып, оқушыларға оқуға кеңес берді. Байқау қорытындысы бойынша командалар марапатталып, дайындаған сынып жетекшілерге алғыс айтылды.





