Skip to content

Үздік еңбек әулеті

Қазақстандағы еңбекқор әулеттер – ел дамуының тірегі, ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды тұлғалар.«Үздік еңбек әулеті» атағына ие болу – бұл тек бір адамның емес, тұтас бір әулеттің жылдар бойғы адал еңбегінің жемісі. Мұндай әулеттерде еңбек — басты құндылық,ал ұрпақтар сабақтастығы — тәрбиенің негізі.

       Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 3 «А” сынып оқушыларына «Үздік еңбек әулеті» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушыларға еңбекқорлық, ұрпақтар сабақтастығы, отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы түсінік беру және ата-аналарының мамандығына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, ата-әжелері мен ата-аналарының қандай маман иесі екенін таныстырды. Көптеген оқушының отбасында бірнеше ұрпақ бойы бір салада еңбек етіп келе жатқанын мақтанышпен айтып өтті.

Оқушылардың әңгімелерінен ата-анасына, әулетіне, еңбекке деген құрмет пен отбасы құндылықтарын бағалау сезімі байқалды.

Шара соңында оқушылар өздеріне ұнайтын мамандық түрлеріне арнап сурет салды.

Сынып жетекшісі Н.Т.Өтебалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *