2025 жылдың 24 қыркүйек күні “Еңбек адамына ерекше құрмет” апталығы аясында мектебіміздің кітапханасында «Үздік еңбек адамы» атты тағылымдық кеш өтті.
🔰Шараның мақсаты – зейнеткер ұстаздардың еңбек жолын үлгі ету, жас ұрпаққа ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін ұғындыру болды.
📚Кешке ардагер ұстаздарымыз – география пәнінің мұғалімі Зоя Айсабайқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зайда Махоновна шақырылып, оқушылармен емен-жарқын әңгіме өткізді. Шара барысында оқушылар зейнеткер ұстаздарға еңбек жолдары, алғашқы сабақ берген сәттері, шәкірт тәрбиесіндегі қызықты оқиғалары туралы мазмұнды сұрақтар қойды.Мектеп кітапханасында арнайы «Еңбек етсең ерінбей…» суреттер галереясы ұйымдастырылды. Кешті өткізуде мектеп кітапханашысы Айнұр Әбілқайырқызының еңбегі зор болды.Шараға 5-сынып оқушылары қатысып, ұстаздарға арнау өлеңдер оқылып, алғыс сөздер айтылды. Кеш соңында оқушылар ардагер ұстаздарға ізгі тілектерін білдірді.Бұл шара жас ұрпақтың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттырып, еңбек адамының қоғамдағы орнын бағалауға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар:
Өтепова Ақгүл
Калиева Гульнара
Өтегенова Ақжонас
Смагулова Альбина