Еңбекке адалдық пен маңдай тердің қадірін ұлықтайтын Еңбек адамына ерекше құрмет апталығы аясында мектебімізде 6-шы сыныптар арасында “Үздік еңбек адамы” атты тағылымды әңгіме сағаты өтті.
Шара барысында оқушылар қарапайым еңбектің қоғамдағы орны мен маңызын терең түсініп, математика пәнінің үздік еңбек майталманы Қабдымұратова Гүлайхан апайдың еңбек жолы, алғашқы сабақтары мен білім беру саласындағы қызықты тәжірибелері туралы мазмұнды сұрақтар қойды. Тіршіліктің тұтқасы – еңбек екенін ұғынған жастар еңбекқорлық пен табандылықтың өмірлік мәні зор екенін атап өтті.
Бұл кездесу – болашақ ұрпақты еңбекке баулуға, еңбек адамына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Еңбек етсең – емерсің.
Еңбегімен елге үлгі болған барша еңбек адамдарына алғысымыз шексіз!
Ұйымдастырушылар: Ескабылова А., Джумабаева Б., Назымбекова Д., Хайролла С.







