Skip to content

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік

14.10.2025 жылы    Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 2 «В» сыныбында «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты  ашық тәрбие сағаты  ұйымдастырылды. Мерекелік шара ұстаздарға деген шексіз алғыс пен құрметке арналды. Шараны Меңдібай Исламбек пен Дүйсебай Закира жүргізіп, көрерменге әсерлі көңіл-күй сыйлады. Бақтығали Мейірімнің   орындауында «Ұстазым, менің ұстазым»  әні шырқалды.Шара барысында оқушылар жүрекжарды өлеңдер оқып, ән шырқады, би билеп ұстаз еңбегін бағалай білді,

Сахна төрінде балалар ұстаздарын ерекше қуанышқа бөлеп, өнерлерін тарту етті. Бұл шара – ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы байланысты нығайтатын әсерлі кездесу болды.

Бұл тәрбие сағаты балалардың ұстазға деген сүйіспеншілігін арттырып, тәрбие мен тағылымға толы болды.

Мерекелік шараның соңында ұстаздарға деген шағын тәттілерін ұсынды..

Сынып жетекшісі: Тилакбаева Айгул Болтабаевна

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *