4 наурыз күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 8 “А” сыныбында “Ұлттық тағылымды ұмытпайық!” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы білімдерін тереңдету,білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, салт-дәстүрлерді құрметтеп,қадірлей білуге тәрбиелеу.
Шарада оқушыларға салт-дәстүрдің түрлері туралы ақпараттар беріліп, өлеңдер оқылып,”Ат қою”,”Тұсаукесер”дәстүрінен көріністер қойылып,мақалдап сөйлеуден жарыс өткізілді.Шара соңы ән-биге жалғасты.Бұл шараның оқушылар үшін маңызы зор болды.
Сынып жетекшісі: Қоңыршиева А




