Skip to content

Таза Қазақстан – Таза болашақ!

Бүгін Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізіп, мектепке қарасты аумақты қоқыстан тазартып, шөптерді шауып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ауылымыздың көркіне көрік қосу.

Әр азамат туған жеріне жанашырлықпен қарап, табиғатты аялауға өз үлесін қоса алады. Тазалық – денсаулық кепілі, ал таза орта – ұрпаққа қалатын асыл мұра.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *