Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 5 наурыз күні 5 “Б” сыныбында «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: 1. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбие сағатын оқушылар әнші Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы “Спорт, спорт, спорт” әнімен бастады.
Шара барысында оқушылар 4 топқа бөлінді: «Денсаулық» тобы, «Салауат» тобы, “Болашақ” тобы, “Байлық” тобы.
Тәрбие сағаты бірнеше кезеңдерден тұрды. Оқушылар болса белсене қатысты.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру – деген өлең жолдарымен ашық тәрбие сағаты аяқталды.
Сынып жетекшісі: Ескабылова Айнур Сериковна.


















