7 қараша 2025 жылы Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 6”Г” сыныбында ағылшын тілінен “Present Continuous ” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: оқушылардың жай осы шақтың құрылымын, жасалу жолын түсінуі, етістіктің сөйлемде қолданылуын меңгеруі, өткен грамматикалық тақырыптармен толықтыра отырып, жәй осы шаққа сәйкес ситуация құрастыра білуі, сөздік қорын дамыту.
Сабақ “Interactive warm-up” әдісі бойынша жағымды көңіл күймен басталды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін видео материал көрсетілді. Грамматикалық тапсырмалар орындау арқылы, оқушыларға сабақтың тақырыбы анықталып, мақсатымен таныстырылды. Одан әрі “Individual work”,
”Pair work”, “Group work” әдісімен тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар сабақ барысында “Bamboozle” платформасында оқушылар жаңа тақырыпқа сәйкес, топтық әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ соңында оқушылар “Money” әдісі бойынша бағаланды.
Ағылшын тілі пән мұғалімі: Кенжахметова А.Қ


