Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 17 наурыз “Шаңырақ” күніне орай 6 – сыныптар арасында “Отбасы – өмір аясы” тақырыбында отбасылық сайыс өтті.
Шараның мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым – қатынасты ұлғайту, ұлттық салт – дәстүрге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Отбасылық сайыс
1. “Сәлем бердім…” таныстыру
2. “Білгенге маржан” мақал – мәтелді жалғастыру
3. “Сиқырлы конверт” тапсырма орындау
4. “Өнерлі өрге жүзер” өнер көрсету
5. “Ою ойғанның ойы ұшқыр” ою ойып, қиып безендіру сынды тапсырмаларды орындады.
Әр бөлімге отбасылар белсенді, жан – жақты дайындықпен қатысты. Өнерлі оқушылар күмбірлете домбырада ойнап, би билеп, ән шырқап өнерлерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар: Маева А, Узганбаева Г, Султанова Н.


