2025 жылғы 22 қаңтарда өткен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты жасанды интеллект байқауы 6-8 және 9-11 сынып оқушыларының инновациялық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Бұл байқау қатысушыларға жасанды интеллект саласында өз идеяларын жүзеге асырып, шығармашылық шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жасанды интеллект саласында алғашқы тәжірибелерін алуға және инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Информатика пәні мұғалімдері Хасанова Гулнафис Жанарбековна «ChatGPT платформасы», «Gamma», Ризабекова Іңкәр Ризабекқызы «AR studio» платформасын айтып өтсе, ал Назар Маркизат Амантайқызы «D-ID», «Suno.ai» платформаларымен таныстырды. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, ЖИ құралдарын нақты тапсырмаларда қолдану бойынша тәжірибе бөлісті. Әр топ өз нәтижелерін таныстырып, ЖИ-дың оқу процесіне қосатын үлесін көрсетті. Сабаққа жаңашылдық енгізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыруда ЖИ-дың маңыздылығы айқындалды.




