Skip to content

Мықты ұлт отбасынан басталады

📚Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде  8-10 қыркүйек  аралығында «Мықты ұлт отбасынан басталады» тақырыбында отбасы күні атап өтілді. Ата –аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды ілгерлетуге , отбасындағы сүйіспеншіліктің , өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын көрсете отырып, отбасы мәртебесін көтеру мақсатында  барлық 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы болып өтті.

    📚Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

1. «Мықты ұлт отбасынан басталады» сыр-сұхбат және тренинг.

2. АПҚО сабағы.

1-4 сыныптар: «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық зомбылықтан қорғау»

5-9 сыныптар: «Жасөспірімді зорлық зомбылықтан қорғаудың негізі-сенім мен жеке шекараға құрмет»

10-11 сыныптар: «Жеке шекара және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды жеңуде қалай көмектесуге болады»

3.Ата-аналардың жанұялық жағдайын анықтау

4.Жаңа 2025-2026 оқу жылына ата-аналар комитетінің құрамын және әкелер қоғамдық қозғалысының төрағасын, аналар мектебінің төрайымын жаңадан сайлау

5.Ағымдағы түрлі мәселелер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *