Skip to content

Менің шығармашылық әлемім

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 2025 жылдың 18 сәуірде көркем еңбек пәні мұғалімі, жас маман Д.Назымбекованың ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында «Менің шығармашылық әлемім» атты бейнелеу өнері бойынша шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сурет салуға құштарлығын ояту. Бұл іс-шара барысында оқушылар ғарыш тақырыбына байланысты суреттер салды. Ғарышкерлердің еңбегі мен ғарышты игерудің маңыздылығы туралы тың ақпараттармен танысты. Шеберлік сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *