Мемлекеттік қызмет — бұл халықтың игілігі үшін атқарылатын маңызды еңбек. Бұл заңдар мен ережелерді орындай отырып, азаматтардың құқықтарын қорғап, еліміздің дамуына үлес қосатын жауапты қызмет.
📚Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде мынадай мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіліп келеді.
🔰1. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
2.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
3.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (1-сыныпқа оқуға қабылдау)
4.Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
5.Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
6.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау
.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау
Egov “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы түскен өтініштерді жауапты мамандар уақытында қанағаттандырып, жауап беріліп отырды.





