Skip to content

“Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны

23 мамыр күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде оқу жылы аяқталуына орай, бастауыш сынып оқушыларына арналған “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.

Бүгін күн қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын-соңғы қоңырау салтанаты.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимн орындалғаннан кейін алғаш болып сөз сөйлеген мектеп директоры Гүлзада Қорғанбайқызы оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағазын тапсырып, оқу жылы ішінде үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

4-ші сыныпты бітіруші түлектер үшін бүгінгі қоңырау ерекше. Ол бастауыш мектеппен қоштасар соңғы қоңырау.Шара барысында 4-ші сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасып, әр сынып өздерінің қимастық сезімімен арнаған сазды сәлемдерін жолдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *