Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз –
жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген болатын. Бұл тұста өз мақсатымызды айқындап, болашаққа нық сеніммен қадам басуға үлкен жол көрсеткенін көреміз.
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында 2025-2026 оқу жылына арналған «Мектебім – мейірім мекені» республикалық интервью-челленджі өткізілді.
2-4-сынып білім алушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері»
5-8-сынып білім алушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты»
9-11-сынып білім алушылары: «Арманым мен мақсатым» тақырыбында бейнероликтерін дайындады.