14 наурыз күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 5 «Б» сынып оқушыларын қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі “Көрісу мерекесінің” ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет сыйластыққа баулу мақсатында Махамбет тарихи-өлкетану музейіне барып ұжым мүшелерімен өзара көрісу амалын жасадық.
Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Бұл күн– тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр, халықтың бір-бірімен бауырмалдығын арттыратын, жақындық пен татулықты нығайтатын мейрам.