Құрметті ата-аналар!
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі 2024-2025 оқу жылы бойынша жазғы кезеңде Ресей Федерациясы,Железноводск қаласы, Иноземцево поселкесінде орналасқан “Қазақстан геологі” емдеу пансионатына 9-14 жас аралығындағы мектебіміздегі білім алушылар бара алады.
l кезең 5 оқушы,уақыты 21.07-05.08;
II кезең 3 оқушыға, уақыты 11.08-26.08
демалатын оқушыға жолдама беріледі.
Бұл жолдамаға ие болу үшін төменде көрсетілген санаттағы отбасылар, білім беру ұйымының атына өтініш жаза отырып, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар тапсырады
1. Жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
3. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға;
4. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл талап ететін отбасылардан шыққан балаларға
5. Мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі;
Өтініш 22-30 сәуір аралығында қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімін 87759089326 нөмірінен білуге болады.
Өтініш бойынша тапсырған құжаттар мектептің ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС отырысында қаралады.












