5 желтоқсан “Еріктілер күніне” орай Қамқор жобасы аясында еріктілердің мұқтаж жандарға көмек қолын созу волонтерлық шарасына Мектеп парламенті Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері атсалысты.
Бұл бастаманың мақсаты-оқушыларды мейірімділікке, бір-біріне қол ұшын созуға, қоғамдық ортада белсенді болуға тәрбиелеу.
Волонтерлық қызмет барысында оқушыларымыз қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмектесіп, қоғамға пайдасын тигізудің үлгісін көрсетті.
Жас волонтерлерімізге алғыс білдіреміз!Олардың игі ісі өзгелерге үлгі болары анық!
Ұйымдастырушылар:
Өзін-өзі басқару ұйымы
Мектеп тәлімгерлері: Ж.Рамазанова
А.Серіков