Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде М. Есболатов атындағы Алматы академиясы әзірлеген «Полиция және балалар», «Қауіпсіздік ережелері. Бояу кітабы» атты оқу құралдары бастауыш сынып оқушыларына таныстырылып, олармен және ата-аналарымен кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Балаларға жолда жүру мәдениеті, көшедегі қауіпсіздік ережелері, сақтық шаралары туралы нақты мысалдар келтіріліп, күнделікті өмірде ескеруге тиісті маңызды кеңестер берілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенділікпен атсалысты.
Бұл бастама жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп сақшылары мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған игі қадам болды.










