5 желтоқсан Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде “Дос болайық” жобасы аясында жас педагогтардың басын қосқан көңілді әрі танымдық куиз-ойын өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұжымдық бірлікті арттыру арқылы командалық рухты қалыптастыру.Квизге барлығы үш команда қатысып, әрқайсысы өз білімін, белсенділігін және ұйымшылдығын таныта білді. Қатысушыларға түрлі бағыттағы қызықты да мазмұнды сұрақтар ұсынылып, жастар өздері білетін ақпаратпен жарыса жауап беріп, танымдарын кеңейтті. Ойында тартысты сәттер көп болды, командалар бір-бірімен білім бәсекесіне түсіп, шапшаңдық пен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.Шара барысында көңілді атмосфера қалыптасып, қатысушылар арасында достық байланыс нығая түсті. Бұл формат жас мамандардың өзара байланысын күшейтіп қана қоймай, кәсіби ортада еркін, сенімді әрекет етуіне мүмкіндік берді.Іс-шара соңында жеңімпаз команда марапатталып, барлығы көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
«Жас мамандармен Дос болайық» жобасы алдағы уақытта да жас педагогтардың әлеуетін дамытуға бағытталған түрлі шаралармен жалғасын таппақ.
Ұйымдастырушылар:
Мектеп психологі:
Қ.Ерғалиева
Мектеп тәлімгерлері: Ж.Рамазанова
А.Серікова