Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 2 «В» сыныбында 22 -қазан күні «Дені сау болсын десең» тақырыбында көңілді мәре ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, денсаулығын нығайту және достыққа тәрбиелеу болды.
Спорттық шараға оқушылар әртүрлі сайыс түрінен жарысқа түсті. Әр топ ұйымшылдықпен, белсенділікпен қатысып, қызықты жарыс көрсетті.
Сынып жетекшісі: Тилакбаева Айгул Болтабаевна