Skip to content

Дәстүрлер сыр шертеді

14.03.2025 жыл

Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз. Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-аймақ, ел болып тойлайды. Осынау мерекені Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 4”А” сынып оқушылары «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні” аясында сынып жетекші Н.Кубаеваның ұйымдастыруымен «Дәстүрлер сыр шертеді» тақырыбында оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, халық өнегесін үйрету, ұлттық ойындарды жандандыру мақсатында наурыз мерекесі өтті. Мерекеде ән айтылып,би билеп, салт-дәстүрлер мағынасы түсіндіріліп, бата беру және ұлттық ойын түрлерімен (арқан тартыс, асық ойын, күрес) жалғасып,мерекенің мәнін аша түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *