14 наурыз күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 5 «Б» сыныбында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында Махамбет тарихи-өлкетану музейінде сынып жетекші А.Ескабылованың ұйымдастыруымен «Дәстүрлер сыр шертеді» тақырыбында шара өтті.
Шараның мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Шара барысында оқушылар домбыра аспабында күй ойнап, тұсаукесер рәсімі көрініс тауып, ән айтып, би биледі. Шара көңілді әрі қызықты өтті.







