Skip to content

Дәстүрлер шыр ертеді

Мерекелік шара 14 наурыз күні 5 «А» сыныбында «Дәстүрлер шыр ертеді» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның шымылдығын қыздарымыз әсем қамажай биімен ашып, көрермендерге ұлттық мәдениеттің көркемдігін паш етті.

Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар, көріністер және қызықты ойындар арқылы таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.

Шара соңында «Қазағымның дәстүрлері» атты қорытынды бөлім ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мереке көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *