Skip to content

Дәрумендер – денсаулық кепілі

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 03.03-14.03 аралығында “Жаратылыстану ғылымы мен тарих- өткеннің сырын ашып, болашаққа жол сілтейтін қос алып мұнара” тақырыбындағы онкүндік аясында 4 наурыз күні “Дәрумендер – денсаулық кепілі” атты қызықты сұрақ-жауап шарасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың дәрумендер туралы білімін кеңейтіп, олардың денсаулық үшін маңызын түсіндіру болды.

Шара барысында қатысушыларға дәрумендердің түрлері, олардың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, дәрумендерге байланысты қызықты викториналар мен “Кім жылдам?” ойыны ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Әсіресе, “Дәрумендерді тек табиғи жолмен алу керек пе, әлде дәрумен кешендерін қолдану қажет пе?” тақырыбындағы пікірталас үлкен қызығушылық тудырды.

Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты туралы пайдалы кеңестер берілді. Қатысушылар бұл іс-шараның өте қызықты әрі пайдалы болғанын айтып, осындай танымдық шаралардың жиі өткізіліп тұруын қалайтындарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *