Skip to content

Бір шаңырақ астында

Е.Ағелеуов Махамбет орта мектебінде 29 сәуір күні, 9-10 сыныптар арасында 1 – Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік ұлттар фестивалі өтті. Бұл мерекенің мақсаты: 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Шара барысында әр сынып түрлі ұлттың киімдерін киіп, өнерлерін көрсетті, салт-дәстүрін,әдеп-ғұрпын, ұлттық тағамдарын таныстырды. Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүруде. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Ұйымдастырушылар 10 сынып жетекшілері:

Сапарғалиева С. М.

Хайдарова Г. К.

Жұмабаева Ф. Т.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *