Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 29- сәуір күні 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 8- сыныптар арасында “Бір шаңырақ астында” тақырыбында фестиваль өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу. Халықтар арасындағы достықты нығайту, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
8 “А” сыныбы – орыс ұлты
8 ”Б” сыныбы- өзбек ұлт
8 “В” сыныбы- корей ұлты
8 “Г” сыныбы- татар ұлты
8 “Д” сыныбы- испан ұлты
Фестиваль 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең: Құттықтау (әр үлт өз тілінде құттықтау айтады)
2 кезең: Өнерлі ұлт. Бұл кезеңде ұлттардың өнерлерін тамашалаймыз.
3 кезең: Ас – адамның арқауы. Әр ұлттың ұлттық тағамдарын және даярлауын таныстырады.
Ұйымдастырушылар: Г.Маханова, А. Қоңыршиева











