28-қаңтар күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің қазақ бастауыш бірлестігі ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада- бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру- дамыту бағдарламасы негізінде жеке және командалық сайыс болып табылады.Олимпиаданың мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады. 1 кезең «Әу, баста !» топ болып ақылдасып, жауабына тек қана санмен 4 минутта жазады. 2 кезең «Асық» тапсырма жауабына «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беріледі, оқушылар кезекпен қысқа түсіндіріп, жауаптарын 3 минутта қорғайды. 3 кезең «Бәйге» деп аталып, әр сынып оқушысы бір-бірлеп парақшаны суырып, онда жазылған 3 тапсырманы сол бойда орындап, бірден 3 минутта нақты жауап береді. Олимпиада барысында математикалық қабілеттерімен ерекшеленген жеңімпаздар және жеңімпаз командалар дипломмен марапатталып, топ жарған 1 орын жүлдегерлері аудандық кезеңге жолдама алды.







