Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебіндегі “Балақайлар мектебі” 28 шілде – өз жұмысын бастады.
Мақсат – баланың мектепке деген қызығушылығын арттыру, балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау, оқу процесіне бейімдеу, өз құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
Балалар күн сайын қызықты ойындар ойнап, түрлі бояулармен сурет салып, ертегі тыңдай отырып коммуникативтік дағдыларын дамытып, әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйренуде;
Сауат ашу, математика негіздері және көркем еңбек пәндері бойынша балалар әріп пен дыбысты тануды, санауды, сурет салуды, ойлап-құрастырып жұмыс жасауды үйреніп жатыр. Сабақтар ойын түрінде, баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылуда.
“Балақайлар мектебі” – баланың болашақ мектеп өміріне сенімді қадам жасауына жол ашады.
Мұғалімдер: А.Утепкалиева, Н.Давлетьярова









