✅Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінде Махамбет аудандық ақпараттық түсіндіру тобының 2 жартыжылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Әлеуметтік желі адастырмасын…», «Дін мен зайырлылықтың өзара байланысы» тақырыптарында АТТ мүшелерінің оқушылармен кездесуі өтті.
✅Кездесуге «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог маманы Н.Ибайдуллаев, Махамбет аудандық «Жастар ресурстық» орталығының басшысы, АТТ мүшесі Қонысбаев Ақжол Сатыбалдыұлы, АТТ Мүшесі Есенғалиев Амангелді Құралбайұлы қатынасты.
✅Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік желілердегі жалған діни ақпараттардан сақтану, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діннің үндестігін сақтау, қоғамды теріс діни ағымдардан қорғау жолдары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Діннің рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі мен зайырлы қоғамдағы оның орны туралы айтылды. Оқушыларға рухани тәрбие мен азаматтық сана жайында құнды кеңестер берілді.







