17.04.2025 жылы Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 10 сыныптар арасында «Айбынды елдің сарбазы мықты» атты сарбаздар сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери дайындыққа қызығушылығын ояту және жас буынды тәртіпке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, болашақ сарбаздарға әскери өмірдің кейбір элементтерін таныстыра отырып, олардың физикалық және рухани дамуына ықпал ету.
Шараға мектеп жанындағы әскери- патриоттық клуб мүшелері қатысты, команда құрамы 6 адам (4 ұл 2 қыз).
Жарыс бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1)Пневматикалық қарудан нысанаға көздеп ату
2)Белтемірге тартылу
3)Арқаға жатып денені көтеру
4)АК-74 бөлшектеу мен жинақтау
1)Пневматикалық қарудан нысанаға көздеп ату(1 ұл – 1 қыз)
Пневматикалық винтовкадан спорттық атыс бойынша жаттығу. Қатысушылар (1 ұл – 1 қыз). Ату дистанциясы арақашықтығы – 10 метр. Атыс жайы – жатып ату. Атыс саны 6 оқ есепке алынады.
2)Белтемірге тартылу(4 ұл)
Кермеде тартылу бастапқы қалпында орындалады – табанның ені бірге, қолдар иық енінде, тік жазықтықтықта қолмен, денемен және аяқпен үстіден ұстап іліну.
3)Арқаға жатып денені көтеру(2 қыз)
Жаттығу бастапқы жағдайдан орындалады: Төсеніште арқаға жатып, қол саусақтары бастың артында,аяқтары тізеге тік бұрышпен бүгілген, табанды еденге қысу, жауырын төсенішке тигізу қажет.
4)АК-74 бөлшектеу мен жинақтау(1 ұл – 1 қыз)
АК-74 толық емес бөлшектейді және жинақтайды.Қару үстелде бөлшектеп жинақталады
Қорытынды:
Жарыс нәтижесінде жас сарбаздар өзара күш сынасып, ұйымшылдық пен тәртіптің маңызын түсінді. Қатысушылар арасындағы достық, қолдау және өзара сыйластық рухы нығая түсті. Іс-шара жастардың бойындағы батылдық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Шара өз мақсатына жетіп, жастар үшін маңызды әрі әсерлі тәжірибе болды.
Пән мұғалімі: Касимов Айбек Айтжанұлы




