Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 10 қазан күні “Әдепті қыз -әдемі қыз!” тақырыбында 7-8 сыныптар арасында қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты — қыз балалардың бойына ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарын дарыту, инабаттылық пен әдептіліктің маңызын түсіндіру, қыз бала мәдениетін қалыптастыру болды. Жиналыс “Комплимент шеңбері” тренингімен басталды. “Әдепті қыз бейнесі сіздің қиялыңызда” топтық жұмыс орындап және ситуациялық сұрақтарға бірлесе жауап берді.
Жиналыс барысында әдептілікке, сыпайылыққа, өзін-өзі ұстау мәдениетіне қатысты сұрақтар талқыланып, өмірден алынған мысалдар келтірілді. Сондай-ақ қатысушылар тәрбиелік мәні зор бейнероликтер көріп, «Инабатты қыз қандай болу керек?» тақырыбында пікір алмасты.
Жиналыс соңында ұстаздар қыздарға жылы лебіздерін білдіріп, әдепті, ұқыпты, білімді болуға шақырды.
Ұйымдастырушылар: Гарипова Н.З, Султанова Н.К.