📚22 қыркүйек күні Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес 1 – 11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «ДосболLIKE» жобасы аясында әр сынып тақырыбына сай сынып сағаттары өткізілді.
📚Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушыларды шұғыл қызмет желілеріне дұрыс және тиімді қоңырау шалуға үйрету және жылдам әрекет ету үшін оларға қажетті ақпаратты беру.
Сынып сағаты барысында оқушылар тақырып аясында бейнеролик тамашалап, мақал-мәтелдер айтып, қызықты тапсырмалар орындады.














