Мектеп қабырғасында үйретілетін әрбір сабақтың өзіндік орны бар. Ал Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘжТД) пен алғашқы медициналық көмек көрсету – тек теориялық білім ғана емес, өмір мен қауіпсіздікке тікелей әсер ететін тәжірибе.
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел қорғайтын сарбаз, қауіпті сәтте көмектесетін құтқарушы болуы мүмкін. Сондықтан бұл пән – батырлыққа бастар алғашқы қадам.
Ұйымдастырушылар: Медбикелер Тұрсынова Шырын Аманжол Эленора және АӘжТД пәні мұғалімі Касимов Айбек