Skip to content

ЖАҢА 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

      Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің ата-аналарының назарына❗❗❗

        ✅ Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.   

✅Мектеп формасына қатысты бұйрықты басшылыққа ала отырып мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңестің шешімімен  жаңа 2025-2026 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Мектеп формасының түсі: қою көк түсті (темно синий)

жолақтарсыз, торсыз, шотландкасыз  қою көк түсті мектеп формасын сатып алуға кеңес береміз

2.  Ұлдардың мектеп формасы: ақ жейде, жилет, күннің суықты мезгілінде пиджак, шалбар. Ұлдарға арналға шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.

3.  Қыздардың мектеп формасы: ақ жейде, жилет, күннің суықты мезгілінде пиджак, юбка (ұзындығы – тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).

4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.

5. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес қою көк түсті (темно синий) галстук.

🚫 Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді!

Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *