Бүгін мектебіміздің қабырғасында толқыныс пен қуанышқа толы ерекше күн.
18 маусым күні Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған “Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!” атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында мектеп директоры Гүлзада Қорғанбайқызы түлектерді құттықтап, жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын табыстап, сәт сапар, ақ жол тіледі.
Биылғы оқу жылында 64 мектеп түлегі жалпы орта білім туралы аттестаттарын қолына алса, 11В сынып түлегі Амангелді Дильназ “АЛТЫН БЕЛГІ”-мен аяқтады.
Қымбатты түлектер!
Сіздерге жарқын болашақ, биік белес пен нық қадам тілейміз!
Жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын!