5 маусым күні Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі жанындағы “Болашақ” лагерінде «Бауырсақ Fest» жәрмеңкесі өтті. «Бауырсақ Fest» – ұлттық тағамды дәріптейтін қызықты, тәрбиелік мәні бар мерекелік іс-шара.
Мақсаты:
– Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты дәріптеу.
– Оқушыларды ұлттық дәстүрге баулу.
– Шығармашылық пен ұйымшылдықты дамыту. Шара барысында лагерь тәрбиешілері бауырсақтың шығу тарихы мен маңызы туралы әңгімеледі.Сонымен қатар балаларға бауырсақтар мен тәтті сусындар ұсынды. Шара барысында салт-дәстүрге байланысты көрсетілген қойылымдарды тамашалады. Балалар ерекше көңіл күйде болды.
Ұйымдастырушылар:
И.Актажиева
А. Ахметова
М. Жұмабаева
А. Өтепқалиева
А. Қоңыршиева
А. Махмудова



