Skip to content

“Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны

24.05.2025ж.

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі.

Мерекелік жиынның қонақтары Махамбет аудандық мәслихат депутаты Қайыржан Мәжиұлы, Махамбет аудандық білім бөлімінің әдіскері Бибігүл Сәресқызы және “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі оқу орталығының координаторы Орынгүл Батырғалиқызы қатысты.

Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимн орындалғаннан кейін алғаш болып сөз сөйлеген мектеп директоры Гүлзада Қорғанбайқызы мектебіміздің жетістіктері мен білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар мектебіміздің бірнеше түлегін білім мен мәдени көпшілік шарада белсенділік танытып мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін мектеп директорының “Алғыс хатымен” марапаттады.

Шара барысында аудандық мәслихат депутаты Қайыржан Мәжиұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Мереке қонағы Астана қаласында орналасқан “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі оқу орталығының координаторы Орынгүл Батырғалиқызы құттықтау тілегін арнай отырып, Атырау облысы бойынша үш мектеп үздік болса, соның бірі Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебін «ҮЗДІК МЕКТЕП» көрсеткішімен маратпаттады.

Салтанатты жиынға осыдан 20 жыл бұрын алтын ұя мектебінен түлеп ұшқан бірнеше түлек қатысып, 20 жылдық түлектер атынан Дмитрий Бальцер құттықтау тілегін білдіре отырып, биылғы түлектерге сәт-сапар тіледі.

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған мектеп бітіруші түлектердің де тілегі тыңдалды.

Биыл мектебіміздің 64 оқушысы мектепті тәмамдады. Соңғы қоңырау салтанаты мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласып, қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *