Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде «Соңғы қоңырауды» өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған сынып сағаттарында Махамбет АПБ КТІЖ аға УПИ полиция майоры Бақтыгереев Ахмедияр Жәнібекұлы құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғаларды алдыналу жөнінде дәріс өткізді.
Мақсаты– салауатты өмір салтын дәріптеп, заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында:
• Нашақорлықтың адам денсаулығы мен психологиясына келтіретін зияны туралы кеңінен баяндады;
• Есірткіге байланысты құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді;
• Қатысушылар заңды бұзудың қандай зардаптарға әкелетінін талқылап, оның алдын алу жолдарымен танысты;
• Жастарға дұрыс таңдау жасап, заңды сақтау, зиянды әрекеттерден аулақ болу қажеттігі түсіндірілді.




