13 мамыр күні Жалғансай орта мектебінде ұйымдастырылған аудандық “Zerdeli quiz” зияткерлік сайысына мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларынан құралған 2 команда қатынасты. Сайысқа барлығы 11 команда қатысты, сайыс кезеңдері 3 турдан тұрды.Әр тур сайын командалардың ұпайлары есептеліп, финалға 7 команда өтті. Финал нәтижелеріне сай Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 2 командасы 3 орынмен, 1 командасы Бас жүлдемен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

