Skip to content

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде 2025 жылдың наурыз айының 3 жұлдызы күні «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында 8 сынып ұл балалары мен ата-аналары арасында жиналыс өткізілді.

Жиналыс басында мектеп директоры Гүлзада Қорғанбайқызы ата-аналарға міндеттерін түсіндіре отырып, балаларды қараусыз қалдырмауды, үнемі қадағалауды, сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырды.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Жас ұрпақтың болашағы үшін, оларды дамытумен қатар, рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру бағытында мектебіміздің КТіЖ-гі аға УПИ полиция майоры А.Бактикереев, Махамбет АПБ ЖПҚб УПИТ-ң аға УПИ-ры полиция майоры А. Сейтказиев, Махамбет аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ә.Мұрат, УПИ полиция аға лейтенанты С.Орынбасаров ақпарат берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *