Бұл – көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Бүгін, 19 наурыз күн Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланды.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күніне сәйкес мектебімізде “өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы өтті. Шараға ұстаздар, биылға мектеп түлектері , сонымен қатар, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері атсалысты.