Наурызнаманың бұл күні – «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.
Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты. Қазақ киімдері тігілген негізгі материалдар мақта, жүн және киіз болды. Көшпелілер ретінде де қазақтар теріден, былғарыдан және үлбірден киім тіккен, өйткені олар даланың қатал жағдайларына өте қолайлы.
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде Наурыз мейрамына орай атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 наурыз күні 1-11 сыныптар арасында ұлттық киімдерден сәнді көрсетілім өткізілді. Көрсетілімге оқушылар белсене қатысты.
Мақсаты: Ұлттық киімдерді танымал ету және сәнді киімдерін насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.







