Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған.
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 3 «А» сыныбында «Наурыз-мерекем,Наурыз-берекем!» атты сыныптан тыс шара өтті.
Мақсаты : «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылар наурыз мерекесі туралы түсінік алды.Наурыз көженің жасалу жолдарымен танысып дәм тартты.Шара барысында ән айтып, би биледі тақпақтарын айтты.Оқушылар үшін бұл шара маңызды болды.
Сынып жетекші :Жумашева М.Ж


